Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қарауылтөбеде жаңа әкім

Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы жаңадан сайланған Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімін халыққа таныстырды.

Ауылдық округ әкімін сайлау қорытындысымен үміткер Бекболат Жүнісәліұлы басым дауысқа ие болып, кандидатурасы қолдау тапты.

Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлы 1973 жылдың 19 желтоқсанында Қызылордада дүниеге келген. Жоғары білімді.

1995 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған ауданы, Келінтөбе күріш совхозында механизатор ретінде бастаған.

1998-1999 жылдары «Құмиян» АҚ есепшісі; 

1999-2003 жылдары Келінтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында салық инспекторы, бас маман;

2003-2007 жылдары Жаңақорған ауданы бойынша салық комитетінің жетекші, бас маманы;

2007-2010 жылдары Түркістан қаласы бойынша салық комитетінің жетекші, бас маманы;

2010-2016 жылдары Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы, бөлім басшысы;

2017 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының бөлім басшысы қызметін атқарып келді.

Ал бұған дейін осы ауылды басқарған Рахматуллаев Елмұрат Нұрмаханбетұлы қала әкімінің кеңесшісі қызметіне ауысты.

20 қазан 2018 ж. 1 639 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?