«АЛТЫН АЛҚАЛЫ» АНАЛАР
Ана – өмірдің шуағы. Дүниеге сәби әкеліп, елдің демографиясына үлес қосып, көпбалалы ана атанған аналар қай құрметке болмасын лайық. Елдің түрлі салаларында тер төгетін келешек азаматтарды тәрбиелеп отырған аналар құрмет төрінен түскен емес. Жыл сайын батыр ана атанып, көбалалы ана дәрежесіне жеткен аналарды қала билігі марапаттайды.
Осы аптада Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы батыр аналарға құрмет көрсетті. Салтанатты шараға келген аналар Елбасының Жарлығымен бекітілген "Алтын алқа", "Күміс алқаны" иегерлері атанды. Өз кезегінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев батыр аналарға төсбелгі тағып, отбасы әулеттеріне амандық, бақ береке тіледі.
Өз кезегінде аналар қауымы да жоғары құрметке алғыстарын білдіріп, келешек жас аналарға көпбалалы болудың бақытын тіледі.