Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Көптің көңілі кілемдер көрмесінде

Ұлттық өнерді ұлықтауға арналған алғаш рет кілемдер фестивалі өтті. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасы ұйытқы болған "КілемFest" көрмесі республикада тұңғыш рет ұйымдастырылды. Бірнеше облыстардың қолөнер шеберлері келген фестиваль аясында шеберлік сыныптары өтіп, тәжірибе алмасты. 

Оған Қазақстан қолөнершілер одағы және облыстық шеберлер орталығы қолдау білдірді. Кілемдер фестиваліне Қызылорда облысымен қатар, көршілес Түркістан облысы, Шымкент қаласынан қолөнер шеберлері келді.

Фестивалге арнайы келген Күләш Айдарбекова өткенді тану арқылы ұлттық болмыс-бітімді қалыптастыруға болады. Сол себепті қолөнерді әрдайым басты назарда ұстап, оны жас ұрпаққа үйретуге назар аударғанымыз артық емес деген пікірде екен.

- Мен ауылдық жерде туып-өстім. Бала кезімізден үлкендерден қолөнердің қадір-қасиетін көрдік. Шамамен 5-6 сынып оқып жүргенде кілем тоқуға қызыға бастадым. Үлкендерден көргенімді жасайтын едім. Осылайша мен суретшілік жолды таңдадым. Шымкенттегі көркемөнер училищесін тәмамдадым. Жолдасым да сол оқу орнын бітірді. Қазір алты баламыз бар. Олардың барлығы қолөнерді көріп өсті. Соған бейім. Осы көрмеге менімен бірге келген балам Берік Бейісбеков те теріден түрлі бұйымдар жасайды, қамшы өреді. Ағаш бұйымдарын да жасайды. Көрмеге келген келінім - Мәдина да кілем тоқиды, - деді К.Айдарбекова.

Қолөнер бұйымдарының көрмесіне келген қонақтар бұйымдар мен кілемдердің сапасы мен ерекше дизайнына қарап, ой білдірді. Жалпы Сыр елінде тұңғыш рет аталып өткен кілемдер фестивалі жыл сайын дәстүрге айналады деген сенім бар. 



20 қазан 2018 ж. 1 041 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?