Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Сала үздіктері төсбелгі тақты

60 астам медицина қызметкерлері мен мәдениет қайраткерлері қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдауында болып, мерекелік медальмен марапатталды. Әрқашан еңбегімен еленіп, өнерімен елді сүйсінтіп жүрген мәдениет қызметкерлері Сыр елін әнге қосып, мерекелік салтанатты жарық етті. Төсбелгі иелері атанған дәрігерлер де өз кезегінде жүрекжарды тілектерін жеткізіп, қала әкімінің құттықтауын қабыл алды.   

Құрмет көргендердің қатарында кәсіпкерлер де бар. Қызылорданың қарқынды құрылысына, абаттануына, ел игілігіне қажетті нысандардың салынуына бизнесмендердің берері мол. Елге кәсіпкерлігімен танылып үлгерген бірқатар бизнесмендердің қаржысы жеке демалыс орындары, парк, сквер тіпті Сырдарияның сол жағалауындағы жаңа тұрын үйлер салуа мүмкіндік берді. Міне, сол еселі еңбектің жемісі ретінде қала кәсіпкерлері төсбелгі тақты. 

19 қазан 2018 ж. 1 330 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?