Жастармен жүздесті
Еркін форматтағы басқосу ой әлеміне сапар шектіреді. Кеше Ә.Тәжібаев атындағы коворкинг орталығында жастар бейресми кездесу ұйымдастырды. Еркін алаң аймағына Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова келіп, жастардың көкейде жүрген сауалдарына жауап берді.
Майра Тұрғанбайқызымен болған кездесуде білім нарығындағы мектеп мәселесі, үйірмелер, мамандық таңдау, спорттық секциялар, жоғары оқу орнына түсу сынды мәселелер қамтылды. Өз кезегінде басқарма басшысы аймақтағы білім саласында орын алған игі білімдегі бастамаларды сөз етті.
Белсенді жастар жанына қалаған сұрақтарды төтесінен қойып, еркін әңгіме бірден тартыла кетті. Ал, білім саласын басқарып келе жатқан Майра Мелдебекова заманауи бағытта білімнің дамуы әр жастың өзіне байланысты екенін пікірге қоса кетті. Оның айтуынша, білімдегі мәселелерді біржақты болмауын зрделеу үшін осы отырыстың маңыздылығын сөз етті.
Бейресми басқосу білімдегі алдағы міндеттерді айқындап алуға жол ашты. Мәселен, балалармен бірлесетін қоғамдық ұйым қызметін көрсету керек.