АЛЛЕЯ АББАТТАНДЫРЫЛДЫ
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына тартулар толастамақ емес. Қызылордадағы барлық аудандар қала күнін мерейтойына арнап өнерпаздардың концертын ұйымдастыруда. Қазалы ауданы қала күнінің 200 жылдығына арнап Жалаңтөс батыр аллеясын қайта жаңғыртты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аллеяны қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, Қазалы ауданының тұрғындарымен кездесті.
3 га аумаққа брусчатка төселіп, Жалаңтөс батыр ескерткіші аумағында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, ротондар мен шағын архитектуралық нысандар орнатылды. Жаңғырту жұмыстары демеушілердің көмегімен жүзеге асқан.
Айта кету керек, Жалаңтөс бахадүр ескерткіші 2010 жылы қыркүйек айында қойылған. Ескерткішті жаңғырту жұмыстары 20 қыркүйекте басталып, 15 қазанға дейін жалғасқан.
Іс-шаралар легі А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазалы ауданы өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдарының концертімен ұласты. Концертте қазақтың халық әндері, ұлттық билері, әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.