Азаматтық форум айтулы мәселелерді ортаға салды
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін елге таныту, олардың билікпен біте қайнасып жұмыс істеуіне айрықша жағдай жасау жыл сайын өтетін Азаматтық форумда айтылады. Биыл да форум өз кезегінде үкіметтік емес ұйым секторларының мәселесін мінберде көтерді.
Соңғы 10 жыл ішінде Қызылорда өңірінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру 22 есеге ұлғайып, қоғамдық ұйымдардың саны 150-ден 1000-ға дейін жеткен. Бұл үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне деген айрықша қолдаудың бар екенін аңғартады. Мұны облыс әкімі былай деп келтірді.
«Мүмкіндіктері мол, кәсіби білігі мен ұстанымы биік үкіметтік емес ұйымдар - елдің қуатын арттыратын, мемлекеттің тұрақтылығын күшейтетін аса маңызды қоғамдық институт. Сол себепті, еліміздегі азаматтық бастамаларға қолдау және жан-жақты көмек көрсетіледі. Нақты цифрларға келсек, осыдан он жыл бұрын облыстағы қоғамдық ұйымдар саны 150 ғана болса, қазір бір мыңға жуықтады. 2009 жылы үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына 45 млн теңге бөлінсе, қаржы көлемі 22 есе өсіп, биыл 1 млрд теңгеге жетті», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
«Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог, Ынтымақтастық, Жауапкершілік» тақырыбын алған VIIІ Азаматтық форумда әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудың жай-жапсары айтылды.
Айта кету керек, 2017 жылдың қорытындысымен Қызылорда облысы ҮЕҰ қызметін қаржыландыру бойынша республикада Алматы мен Астана қалаларынан кейінгі үшінші орынға ие болды. Бұдан басқа, аймақта Үкіметтік емес ұйымдарды бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру шаралары қабылданып, «Дағдарыс жағдайына тап болған балалар мен аналарға арналған әлеуметтік қонақ үй» жобасы іске асырылу үстінде.
Мұнан басқа үкіметтік емес ұйымдар денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт пен кәсіпкерлік салаларын дамытуға бағытталған, жастар саясатын жетілдіруге арналған жүздеген жобалар жүзеге асыруға кірісіп кеткен.