Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Кененбаевтың көрмесі



Белгілі қылқалам шебері Аманкелді Кененбаев «Сырдария» атты шығармашылық көрмесі мен кітабының тұсаукесері рәсімін өткізді. Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы
аясында өткен көрмеде жаңа туындыларды көпке ұсынды. 
Сыр өңіріне арналған бірқатар картиналардың және Мұстафа Шоқай, Әбділдә Тәжібаев, Жанқожа батыр ескерткіштерін салған Аманкелді Кененбаевтың көрмесіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев келіп, суретшіні жеке шығармашылық кешімен құттықтады.
-  Аманкелді Кененбаев  - Сыр бойы бейнелеу өнерін биікке көтеріп келе жатқан ерекше есім. Суретшінің 2015 жылы АҚШ пен Жапонияда өткізілген көрмесі талғампаз  қонақтардың назарын аударғанын білеміз. Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың мүсіні де Аманкелдінің қолынан шыққан.  Өзіміз күн сайын көріп жүрген Жанқожа батырдың еңселі ескерткіші мен ақын Әбділдә Тәжібаевтың тас мүсінінің авторы да осы суретші. Бұған дейін жыл басында еліміздің рухани астанасы - Алматының төрінде «Сұлутөбе» атты жеке көрмесі ашылса, бүгін суретшінің «Сырдария» атты көрмесі назарларыңызға ұсынылып отыр,-деді облыс әкімі.

Қылқалам шеберін Алматыдан келген өнертанушы Ирина Юферова да құттықтап, тілектестік білдірді.
14 қазан 2018 ж. 2 395 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?