Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ХАЛЫҚ САНЫ 11 МЫҢҒА АРТҚАН

Демографиядағы өсім де қуантады. Айталық, АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-тамызында туылғандар саны 12578 адамға жеткен. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,96 туылғандарды құрапты. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,39 адамды көрсетіп отыр. 

Көші-қон бағытында да мынадай дерек бар. 2018 жылғы қаңтар-тамызындағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан  24292 адам кетіп, облысқа 21992 адам келген. Ал, 2017 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 3,1% көбейген, ал облыстан кеткендер саны 0,9%  азайған.

Алыс және жақын шет елдерден 18 адам, республиканың басқа облыстарынан 5885 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде  6219 адам елге келген. Есесіне, шет елдерге  42 адам, ал 2017 жылдың қаңтар-тамызында  37 адам көшкен.  Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-тамызында 2284 адамға, 2017 жылғы қаңтар-тамызында 3178 адамға кему көрініс беріп отыр. 

10 қазан 2018 ж. 1 149 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?