Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАРҚЫНДЫ ӨЗГЕРІСТЕР БАСТАУЫНДА

Сыр жағалауында қанат жайған Қызылорда жыл өткен сайын көркейіп, қарыштап дамуда. Экономикалық даму көрсеткішінің өсуі - халықтың тұрмыс-тіршілігінің күннен-күнге жақсарып келе жатқанының кепілі. Қаладағы әсем де биік ғимараттар өңірдің оң имиджін қалыптас­тыруына серпін беріп отыр. Мұның барлығы -  жүйелі әрі нәтижелі жұмыстың жемісі.

Қуантарлығы, екі жүз жылдық тарихы бар Қызылорда құрылыс қарқындылығы жағынан алдыңғы орында тұр. Сырдарияның сол жағалауында бой түзеген ғимараттар мен тұрғын үйлер ел игілігіне беріліп, қаламыздың көр­ке­юіне жол ашу - биылғы жылдың бас­ты міндеті. Тұрғын үй құрылысы мен ин­женерлік-коммуникациялық ин­фра­құрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 4,7 млрд. теңге қаржы бөлініп отыр. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына - 1,8 млрд. теңге, ал инженерлік-ком­­муникациялық инфрақұрылым жо­баларын іске асыруға 2,9 млрд. тең­ге бағыттал­ған. Бұл қаржы сол жаға­лауда орналас­қан екі 45 пәтерлік, 60 және 70 пә­тер­лік көпқабатты тұр­ғын үйлердің, Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде 24 және 18 пәтерлі тұр­ғын үйлер құрылысы және облыс кө­лемінде 17 жоба бо­йынша инженер­лік-коммуника­ция­лық инфрақұрылым құрылыстары жүргізілетін болады.

Қарап отырсақ, ел игілігі үшін атқарылып жатқан бастамалардың барлығы өз уақытында жоғары көрсеткіш беруде. Аймақтағы оң өзгерістер облыстың гүлденуіне, ел экономикасының орнығуына, халық тұрмысының түзелуіне себепші болмақ. 


08 қазан 2018 ж. 1 121 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?