Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Кассадағы баға мен сөредегі баға әр түрлі болған жағдайда.

Бөлшек сауда саласындағы ең көп таралған бұзушылықтардың бірі - сауда залындағы баға белгісінде көрсетілген тауар құнының кассада төлеуге ұсынылатын бағаға сәйкес келмеу жағдайлары. 

Сауда объектісінің әкімшілігі бұл алшақтықтарды көбінесе техникалық себептермен: тауарды қайта бағалаумен, қысқа мерзімді акциялардың аяқталуымен немесе адами фактормен («баға белгісін ауыстырып үлгермедік») негіздейді.

Заңдық тұрғыдан алғанда, тауарды дүкен сөрелеріне нақты бағасын көрсете отырып орналастыру жария оферта (ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабы) деп танылады. Бұл сатушы кез келген азаматпен қатаң көрсетілген шарттарда сатып алу-сату шартын жасасуға дайын екендігін мәлімдейтінін білдіреді.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабының 12-тармағына сәйкес,тауардың бағалар заттаңбасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарына қойылған, көрсетілген құнына сәйкес сатушы (дайындаушы) сатуға міндетті, ал тұтынушы сатып алуға құқылы

Бағалардың алшақтығы фактісі анықталған жағдайда, тұтынушы тауарды сауда залындағы баға белгісінде көрсетілген құны бойынша сатуды талап етуге заңды құқығы бар. 

Бұзушылық фактісін баға белгісі мен чекті фотоға түсіру, сондай-ақ Пікірлер мен ұсыныстар кітабына жазба енгізу арқылы тіркеу ұсынылады.

Мұндай жағдайларда азаматтар құқықтық көмек алу және өздерінің заңды мүдделерін қорғау үшін төмендегі мекен-жайға жүгіне алады: ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті,Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны 8(7242)71-15-30,сондай-ақ «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесіндегі eGov.kzмемлекеттік порталы арқылы ресми түрде өтініш жолдай алады. 





29 шілде 2026 ж. 15 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?