«Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы
Мемлекеттік қызмет көрсету - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Қазіргі таңда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды нысанда жүргізілуде. Электрондық нысандағы қызметтер азаматтарға уақытты үнемдеуге және кезек күтпеуге мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің тиімді ұйымдастырылуы мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады. Қызметтердің ашық әрі жылдам көрсетілуі мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Қызылорда қаласының «Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тарапынан жеке және заңды тұлғаларға келесі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ,
- жер учаскелерін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет менішігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
- жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
- кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
- жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.
Осы ретте, Мемлекеттік қызметті электронды нысанда алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) тіркелу қажет.
Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылы, А. Құнанбаев көшесі № 29, 8 (7242) 21-33-21.






