Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

СЫРДЫҢ СӘЛЕМІ ЕЛОРДАДА

Бүгін Астанада «Қазақстан» спорт кешенінің аумағында Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.
 Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қызылордалық өндірушілерідің 380 тонна әртүрлі өнімдері - 120 тонна бақша дақылдары, 90 тонна күріш, 15 тонна балық, 15 тонна жылқы, сиыр және қой еті, 6 тонна сүт өнімдері, 50 тонна көкөніс, қияр және қызанақ, 4 тонна жеміс-жидек пен тұз ұсынылған.

Елорда тұрғындары Сыр елінің жергілікті өнімдерін алып, дастархан мәзірін азық-түлікпен толтыруға асығуда.

Соңғы 5 жылда облыстың жалпы ішкі өніміндегі ауылшаруашылығының үлесі 2,5%-дан 3,7%-ға дейін, ауылшаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі - 22,8, азық-түлік өндірісі - 5,3, ет өндірісі - 2,7, сүт - 2,4, жұмыртқа 396 есеге өскен. Мамандардың айтуынша, Агрокарта аясында жемісті жұмыстар бар.

- Өндірістік негізде картоп, көкөніс және бақша дақылдары өндіріледі. Биыл Қызылордада испан технологиясы бойынша автоматтандырылған жылыжай кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданында түрік инвесторларының қатысуымен тағы 20 жылыжай салу және қызанақ өндіретін ірі жобалардың бірін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта түрік сорттарына сынақ жүргізілуде,-дейді мамандар.

Сүт өнімдерін өндіруде де берекелі іс бар. Осы жылдың аяғына дейін 1200 бас асыл тұқымды малға арналған сүт фермасын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, өткен жылы Шиелі ауданында бірінші құс фабрикасы өз жұмысын бастаса, Қызылорда қаласында да 2 құс фабрикасы пайдалануға берілген. Сондай-ақ, Қармақшы ауданында «Байқоңыр» ӘКК-мен бірге жылына қуаттылығы 1500 тонна өнім шығара алатын құс еті зауытының құрылысы басталды. 

Жалпы Сыр еңбеккелерінің ала жаздай еңбегі халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Бас қала елордада өтіп жатқан жәрмеңкеде тұрғындар жергілікті өнімдерді таласып алуда. Бұл Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. 


06 қазан 2018 ж. 1 052 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?