«Мүгедектігі бар адамдарға жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Көрсетілетін қызметті беруші: Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ККМ.
«Мүгедектігі бар адамдарға жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kzЭлектрондық үкіметтің» веб-порталы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген кезде-көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап-5 (бес) жұмыс күні.
Құжаттар тізбесі:
1)Жеке басты куәландыратын құжат туралы немесе цифрлық құжаттарсервисінен алынған электрондық құжат туралы (сәйкестендіру үшін);
2)Мүгедектікті белгілеу туралы;
3)АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі-ақпараттық жүйелер) мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады.
Жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарға жүріп-тұрудың арнайы құралдармен көмек алуға өтініш берген кезде:
1)Өндірістегі мүгедектікке алып келген жазатайым оқиға туралы:
2) Кінәсінен жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу болған жұмыс берушінің дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы қосымша мәліметтер сұратылады.
Ұсынылған түпнұсқалармен сәйкестендіргеннен кейін құжаттардың көшірмелерін өтінішті қабылданған жауапты қызметкер тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатқа немесе осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес берілетін талонға белгі қою арқылы куәландырады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.







