14 күн ішінде тауарды қайтаруға боладыма?
Көп тұтынушыға таныс жағдайға тап болады: сатып алынғанына бірнеше күн ғана өтсе де, дүкен тауарды қайтарудан бас тартқан.
Тұтынушы бутиктен 40 000 теңгеге көйлек сатып алып, оны сыйлық ретінде алуды жоспарлаған. Сатып алу кезінде ол тауардың размері сәйкес келмеген жағдайда, сатушыдан қайтару мүмкіндігін нақтылаған. Сатушы тауар қолданылмаған жағдайда ғана қайтаруға болатынын айтқан. Алайда үш күннен кейін разметі сәйкес келмегендіктен, тұтынушы заңда белгіленген 14 күндік мерзім аясында тауарды қайтаруға келген. Бірақ дүкен қызметкерлері тауарды қайтарудан бас тартқан.
Мұндай әрекет — заңға қайшы.
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес мыналарды:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды;
2) іш киімді;
3) шұлық-ұйық бұйымдарын;
4) жануарлар мен өсімдіктерді;
5) метрлеп сатылатын тауарларды, атап айтқанда, барлық түрдегі талшықтардан жасалған маталарды, тоқыма және перделік кенеп матаны, жасанды теріні, кілем бұйымдарын, тоқыма емес материалдарды, ленталарды, шілтерді, таспаны, сымдарды, бауларды, кәбілдерді, линолеумды, багетті, пленканы, клеенканы;
6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Аталған жағдайда Департамент мамандары тұтынушыға жазбаша талап-арыз дайындауға көмектесіп, дүкенге заң талаптарын түсіндірген. Нәтижесінде дау тұтынушының пайдасына шешіліп, 40 000 теңге толық қайтарылды.
Тауар ұнамаса — бұл мәселе емес, бұл сіздің заңмен бекітілген құқығыңыз. Ең бастысы — 14 күн мерзімді сақтау және негізсіз бас тартуға жол бермеу.







