Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«Қызылорда қаласның тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы»

Заңына  2024 жылдың  24 қарашасында енгізілген өзгерістерге сәйкес,  2025 жылдың 24 мамырынан бастап,  Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі (Отбасы банк)  Қазақстан Республикасының азаматтарын  тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюды жүргізуде.
     
Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімді тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сəйкес ұлттық даму институты мəртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың  тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі Қызылорда қаласы әкімдігінің Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құзыреттілігінен алынып, көрсетілетін қызмет түрі толығымен “Отбасы банк” АҚ –мен жүргізілуде.    ПӘТЕР КЕЗЕКТІЛІГІ 
05.01.2026 жылға тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 6 дара тізімдері бойынша 34 160 отбасы кезекте тұр. 

Бүгінгі таңда тұрғын үй инспекциясы бөлімімен жеке тұлғаларға 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп келеді.
2025 жылдың 12 айында барлығы - 2451 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 
2025-2026 жж  Қызылорда қаласы бойынша 1261 арендалық пәтерлер пайдалануға берілді. 
       
2025 жылдың  12 айында арендалық  тұрғын жайлардан 408634,7 мың тг арендалық түсім түскен.
Ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында 
2025 жылдың 20 наурызында «Ақмешіт Ақшамы» газетінің 
№11 басылымында тұрғын үй алу кезегінде тұрған 26 мың азаматтың тізімі жарияланып, халыққа таратылды.
Сонымен қатар, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытында 20.03.2025 жылы gorda.kz сайтына, www.facebook.com, Open Qyzylorda, Қызылорда Пресс, Жаңа Қызылорда әлеуметтік желілерінде мақалалар жарияланды. 
Қызылорда халқын алданбауға шақырып, нақты ақпаратты тұрғын үй инспекциясынан алу үшін «Ақмешіт ақшамы» газетінің 27.03.2025 жылғы №12 басылымына түсіндірме мақала жарияланды. 
Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тағы   бір түрі, ол «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет. Аталған қызмет түрі «E-QAZYNA» порталынында ЭЦҚ қол қою арқылы электронды форматта жүзеге асырылады. 

2024 жылдың 24 қарашасында ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабына  өзгерістер енгізіліп, осыған дейін мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жекешелендіру құқығынсыз берілген тұрғынжайларды  жекешелендiруге құқық берілді. 
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан  берілген тұрғынжайлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидалары» аясында  жекешелендіріледі.  
    Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе,  мемлекеттік  қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық белсенділікті танытып,  тұрғын үй саласында мүмкін болатын мемлекеттік қызметтерді портал арқылы электронды түрде  алуға шақырамыз.
30 наурыз 2026 ж. 36 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?