Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖОЛДАУ ЖАСТАРҒА ЖІГЕР СЫЛАЙДЫ

Келер жыл – жастар жылы болып бекіді. Елбасының кешегі Жолдауында жастарға басымдық беру мәселесі жан-жақты айтылды. осы себепті аймақтағы белсенді жастың ой-пікірін екшеп бердік.




Талғат ТІЛЕС, 

«Жас Отан» жастар қанаты 

облыстық филиалының төрағасы:

- Елбасымыздың жастарға әркез назары, қамқорлығы ерекше. Мемлекет қолдауын әрбір жас сезінеді деп ойлаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жастарға арналған десек болады.

Жолдауда Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақсандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке жастардың білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды. Әсіресе, жоғары оқу орындарының білім сапасы, түлектердің жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс. Себебі білімді жас сапалы маман болып қалыптасары сөзсіз.

Елбасы барлық мемлекеттік мектептерге Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту бағдарламасын енгізуді тапсырды. Осы арқылы өскелең ұрпақтың білім деңгейі кеңейе түседі. Білім мен ғылым егіз ұғым секілді. Президент ғылымды дамыту тетіктерін айқындауды да басты міндет етіп қойды.

Елбасы үкіметке «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созу керектігін айтты. Бағдарлама аясында мыңдаған жастың бастамасы қолдау тауып, олар өз кәсібін бастап та үлгерді. Бағдарлама мерзімін ұзарту жас кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау екені белгілі.


Амандық Нұржан

 «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: 

- Бүгін тарихи маңызы бар жолдаудың маңыздылығын барша қазақ елі сезінгені анық, көгілдір экран артында көріп отырған халық үшін үлкен жобалармен маңызды мәселелер шешімін тапқаны жақсы жаңалық болғаны анық. Ел жастары үшін қуанарлық жағдай ол Елбасының келер 2019 жылды «Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» дегені. Біз, жастар, Елбасының сенім артып келер жылды «Жастар жылы» деп жариялап жатқанына қуаныштымыз. Елбасының сенімін ақтап, еліміздің өркендеп өсуіне сүбелі үлес қосамыз деп барша аудан жастарының атынан сенім білдіргім келеді.


06 қазан 2018 ж. 3 721 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?