Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қоғамдағы қызмет көрсету жүйесінің маңызы

           Халыққа ұсынылатын қызметтердің сапасы елдің әлеуметтік және экономикалық даму деңгейін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Осы себепті көптеген мемлекеттер бұл бағыттың дамуына және қызмет көрсету сапасын жетілдіруге басымдық береді.

           Көрсетілетін қызметтер – азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініші негізінде жеке тәртіппен жүзеге асырылатын, олардың құқықтарын іске асыруға және қажетті игіліктерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін мемлекеттік функциялардың нысаны.

           Қызмет көрсету саласындағы басты қағидаттарға тең қолжетімділік, кемсітушілікке жол бермеу, ашықтық пен есептілік, сапа мен қолайлылық, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді үнемі жетілдіру жатады. Сонымен бірге үнемділік пен тиімділік қағидаттарын сақтау да маңызды.

           Бұл бағыттағы жұмыстың сапалы жүргізілуі, әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға оң ықпал етеді. Осы орайда Қызылорда қаласының «Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халыққа бірқатар қызмет түрлерін көрсетіп келеді. Атап айтқанда, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесін алу үшін кезекке қою; кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; сондай-ақ жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп немесе не бөліп төлеу арқылы жүзеге асырылады.

          Аталған қызмет түрлерін алу үшін белгіленген талаптарға сәйкес құжаттар тапсыру қажет. Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мекеме ғимаратында ақпараттық стендтер орнатылған және жауапты маман бекітілген.

          Көрсетілетін қызметтер бойынша кеңес алу үшін 1414 нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Ал қызмет алу үшін Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы, Абай Құнанбаев көшесі №25 мекенжайында орналасқан ауылдық округ әкімінің аппаратына жүгіну қажет. Сенім телефоны – 21-71-07.

          Қорытындылай келе, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімді болуы тұрғындардың мемлекетке деген сенімін нығайтып, қоғамның тұрақты дамуына ықпал етеді.


29 қаңтар 2026 ж. 23 0

Күнтізбе

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?