САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ-БІЗДІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТ
Мемлекет органдардың негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсету. Қазір мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы дұрыс орындалмаса заң алдында жауапты болады. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділіктерін қамтамасыз ету мақсатында Белкөл кентінің әкімшілік ғимаратында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар орнатылған. Сондай-ақ, әкімшілік ғимаратында халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзін өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған.
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Белкөл кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан
мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
2. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
3. «Сауда – саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
5. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
1. «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту»
2025 жылдың 12 айында Белкөл кенті әкімі аппаратымен -64 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және Сауда – саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу Қанағаттандырылғаны- 55, қалған 9- қызмет көрсетуге дәлелді себептермен бас тартылды.
Мемлекеттік кызмет көрсету сапасын арттыру — мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі және жемқорлықты жоюға, халықтың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Ал Белкөл кенті әкімі аппараты барлық қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасайды.






