Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«ТАСБӨГЕТ КЕНТІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Сәйкесінше мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру – елді мекен тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз.
Қызылорда қаласының «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде төмендегідей 6 мемлекеттік қызмет түрі жүзеге асырылады:
1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
4. Елді мекендер шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру;
5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.
 «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» КММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында кент әкімінің аппаратына келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша келіп түскен өтініштер саны 193 құрайды.  
Атап айтқанда, «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша 10 өтінім, «сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учакскелеріне құқықтарды алу» бойынша 193 өтінім келіп түсті. Оның ішінде,  жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат етілген шешімдер саны 4 құраса, бас тартылғаны 6. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша қанағаттандырылған өтініштер саны 92, бас тартылғаны 91 құрады.
Қазіргі таңда демеуші көздері есебінен Тасбөгет кентінің Бас жоспары әзірленуде. Осыған байланысты кент бойынша арнайы кезекте тұрған азаматтарға жер учаскелерін табыстау уақытша тоқтатылды. Алдағы уақытта 
Бас жоспар бекітілгеннен кейін «ҚР Жер кодексінің 44-бабына» сәйкес,  жер учаскелерін беру арнайы кезектілікпен жүргізілетін болады.
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» КММ ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған және онда көрсетілетін қызмет түрлері мен қызмет көрсету мерзімі туралы мәліметтер толық көрсетілген. Сондай-ақ, мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жабдықталып, онда «Egov.kz» электрондық үкімет веб-порталына кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Жоғарыда аталған қызметтерді алу үшінТасбөгет кенті әкімінің аппаратына өтініш білдіруге болады. Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, З.Шүкіров көшесі №11. Сенім телефоны: 21-58-49.
19 қараша 2025 ж. 28 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?