Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы - қоғам дамуының негізі

        Қазіргі заманғы мемлекеттік басқаруда мемлекеттік қызмет көрсету – азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-қимылының басты тетігі болып табылады. Мемлекеттік қызметтердің сапасы халықтың мемлекетке деген сенімі мен қанағаттану деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың бірі.  Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесінде азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі аса маңызды рөлге ие. 

       Мемлекеттік қызметтер – халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін, мемлекеттің тиімділігі мен сенімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Бұл процестің ашықтығы, жеделдігі және ыңғайлылығы – азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін қалыптастырады.

        Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және ашықтықты арттыру бойынша бірқатар реформалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасында цифрландыру, халыққа жақын болу бағытындағы реформалар мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіруге бағытталған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету процесі – азамат пен мемлекет арасындағы ең басты өзара іс-қимыл алаңы болып табылады. Бұл процестің тиімділігі мемлекеттің ашықтығы мен халыққа деген қамқорлығын айқындайды.  

       Заман талабы – қызметтерді барынша жылдам, ыңғайлы әрі қолжетімді ету. Осы мақсатта мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, бір терезе қағидатын енгізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және кері байланысты нығайту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.  

        Ақсуат ауылдық округі әкімдігі орналасқан ғимаратында қажетті техникалық  құралдарымен қамтамасыз етілген «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 13 желтоқсан 2023 жылғы №899 бұйрығымен бекітілген 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес әкімшілік ғимаратында халыққа құқықтық көмек көрсету, Қазақстан Республикасының занамаларын өз бетінше зерделеуге мүмкіндік беру және құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ашылған «Құқықтық кабинет» жұмыс жасайды. 

        «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан заңды және жеке тұлғаларға алты мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Олар:    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» қызметтері;  «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту»

12 қараша 2025 ж. 44 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?