Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ – ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет сапасын арттыру – қоғам мен билік арасындағы өзара сенімнің басты көрсеткіші болып табылады. Осы бағытта Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі уақтылы ұсынуға ерекше назар аударып келеді.

Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес жүргізеді.

Аталған тізілімге сай, Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты 6 түрлі мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олар:

         •        Жер учаскесін жеке меншікке сату (ақысын бірден немесе бөліп төлеу арқылы);

         •        Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім қабылдау;

         •        Сауда-саттықты (аукцион, конкурс) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жерлерге құқық беру;

         •        Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

         •        Кент пен ауыл аумағынан жер учаскесін беру;

         •        Жалдау мерзімін ұзарту.

Қызметтерді электрондық форматта алу үшін тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімдеп, «Электрондық үкімет» порталына (www.egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау» жүйесіне (www.elicense.kz) тіркелуі қажет.

Азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері орналастырылған ақпараттық бұрыштар жасақталған. Сонымен қатар, тұрғындардың уақытын үнемдеп, қызмет алу процесін жеңілдету үшін арнайы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған. Бұл бұрыш заманауи техникамен – компьютер, принтер, веб-камера және өзге де қажетті құралдармен толық жабдықталған.

Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – мемлекеттік аппарат жұмысының негізгі басымдығы болып қала береді. Алдағы уақытта қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру, цифрландыру деңгейін арттыру және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.


12 қараша 2025 ж. 51 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?