Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Сапалы мемлекеттік қызмет-уақыт талабы

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан заңды және жеке тұлғаларға 6 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту».
Мемлекеттік қызметті электронды алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділіктерін қамтамасыз ету мақсатында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар орнатылған.
Сондай-ақ Әкімшілік ғимаратта халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы талапқа сай қажетті техникалық  құралдарымен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызмет көрсетудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру өте маңызды. Алдағы уақытта, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру сапасы мен қолжетімділігіне мән беру, үнемділік пен тиімділік қағидаттары басты назарда болады.

13 қазан 2025 ж. 124 0

Күнтізбе

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?