Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Полиция департаменті жанындағы «Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы»

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әйелдер мен жасөспірімдерге қарсы жасалған қылмыстар бойынша жауапкершілік қатаңдатылып,  осы бағыттағы профилактикалық жұмыстарды үйлестіретін Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құрылды. Біздің өңіріміздеде осы бөлім жұмысын бастады.


Отбасы-тұрмыстық саласында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды азайту, отбасын сақтап қалу мақсатында отбасы мүшелеріне психологиялық, әлеуметтік, құқықтық тегін кешенді көмек көрсету үшін   полиция департаменті жанындағы «Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығын ашуға облыс әкімінің тікелей қолдауымен арнайы ғимарат беріліп, тиісті құрал жабдықтармен жабдықталды, бүгінгі таңда аталған орталықтың ашылу рәсімі өтуде.

Орталықтың негізгі мақсаты - әйелдер мен балаларға қатысты жасалатын қылмыстың санын азайту, жәбірленушілердің полицияға деген сенімін арттыру, кез келген құқық бұзушылықтар Заңмен шешілуге тиіс екенін, Өз кезегінде полиция Заң аясында қолдауға, қорғауға әрқашанда дайын екенін түсіндіру болып табылады.

Осыған орай Қызылорда облысының полиция департаменті ескертеді: Адам құқығы заңмен қорғалады. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болса, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласып, көмек сұрай аласыз: 

📞 Сенім телефоны: 111 

📞 Полиция басқармасы және бөлімдері: 102 


Дағдарыс орталықтарының байланыс нөмірлері: "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қоры:

8-777-340-87-34; 8-707-159-35-51

"Жан" дағдарыс орталығы: 

8 (7242) 27-14-73 

"Аналар Үйі" қоғамдық қоры: 

8-800-080-77-71


Қызылорда облысы полиция департаменті 

Жергілікті полиция қызметі басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі




10 маусым 2025 ж. 409 0

Күнтізбе

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?