Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Мемлекеттік қызмет сапасы – ел болашағы

      Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрстудің басты мақсаттарының бірі – халыққа сапалы қызмет көрсету. « Қызылорда қаласының Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсетудегі басты мақсаттарының бірі – Қосшыңырау ауылдық округінің халқына, аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге, мүгедіктігі бар адамдарға және өзгеде жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру. 

       Осы мақсатта « Қызылорда қаласының Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарапынан заңды және жеке тұлғаларға 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда саттықты( конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату». 

        Мемлекеттік қызметті электронды алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай ақ «электрондық үкіметтің» веб порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет. 

        Тұтынушылардың ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар орнатылған.

         Сондай ақ әкімшілік ғимаратында халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзіне өзі қызмет көрстеу бұрышы» орналастырылған. 

        Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.

20 мамыр 2025 ж. 282 0

Күнтізбе

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?