Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Ұлағатты ғұмыр иелері — елге сыйлы ұстаздар әулеті

Ұстаздық — ұрпаққа жол сілтейтін ұлы қызмет. Осы бір мәртебелі мамандықты өмірлік бағыт еткен Мырзабаев Сұлтанбек пен Түкібаева Оразкүл Нысанбайқызы — білім саласына сіңірген еңбегімен ел құрметіне бөленген қос ардагер ұстаз.
Сұлтанбек Мырзабаев 1949 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Жарты ғасырға жуық уақыт білім беру саласында ұстаз, тәрбиеші, кадр маманы, мектеп басшысы ретінде еңбек етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосты. Бірнеше мәрте марапат иесі, «Аудандық үздік қызметкер» атағының иегері, 3 кітаптың авторы. Бүгінде 5 баладан 15 немере, 1 шөберенің қызығына кенеліп отырған ақылман ата.
Оразкүл Нысанбайқызы 1953 жылы Арыс қаласында дүниеге келген. Биология пәнінің білікті маманы ретінде мыңдаған шәкірт тәрбиелеген. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен және түрлі марапаттармен бағаланған. 2002 жылы шәкірттері 12 мемлекеттік грант иеленіп, 2003 жылы ҚР Президенті қабылдауында болған. Ұлағатты ана, ардақты әже.
Бұл өнегелі отбасының ұрпақтары да ата-анасының жолын жалғап, елге қызмет етуде. Бір ұлы — ұстаз, кенже ұлы — Ақсаулемедте тәжірибелі ЛОР-дәрігер, ал келіні — облыстық психологиялық орталықта әдіскер болып жұмыс істейді.
Ұлағатты ғұмыр иелеріне қала әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйлығы табыс етілді. Бұл — ел үшін еткен еңбектің, адал қызметтің лайықты бағалануы.
Мырзабаевтар әулеті — ұрпаққа үлгі болар өнегелі өмір салтын ұстанған, шынайы ұстаздар әулеті.
15 мамыр 2025 ж. 228 0

Күнтізбе

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?