Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Өнегелі өнерлі отбасы — Қожабековтер әулеті

Сыр өңірінің мәдениет майталманы, Қызылжарма мәдениет үйінің директоры Рүстембек Айтжанбекұлы Қожабеков — мәдениет пен өнер саласына бар ғұмырын арнаған жан. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, елге сыйлы азамат ретінде өңірдің рухани өміріне ерекше үлес қосып келеді.
Оның жары Қуаныш Ахметқызы да — мәдениет саласының белсенді өкілі, өнерге жақын, сахнаға жан-тәнімен берілген жан. Екеуі бір салада қатар қызмет етіп, өмірін өнермен өрнектеген жұп қашанда ел алдында, мәдени іс-шаралардың алдыңғы шебінен көрініп жүр.
Бұл өнегелі жұптың ұрпақтары да ата-анасының жолын қуып, өнерге жақын болып өсіп келеді. Қожабековтер әулетінің балалары ән айтып, күй шертіп, би билеп, түрлі шығармашылық байқаулар мен мәдени іс-шараларға белсене қатысып жүр. Өнерге бейім ұрпақ тәрбиелеу — ата-ананың үлгілі тәлім-тәрбиесінің нәтижесі екені сөзсіз.
Қожабековтер шаңырағы — өнер мен тәрбиені ұштастырған, руханиятты жоғары қойған өнегелі отбасы. Осындай өнерлі әулеттер — ел мәдениетінің тірегі, қоғамның мақтанышы.
Халықаралық отбасы күніне орай Қажабековтер отбасына қала әкімінің алғыс хаты мен сыйлығы табыс етілді.
15 мамыр 2025 ж. 290 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?