Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Отбасы – береке бастауы

Мұрат Жетпісбаев пен Гаухар Сәдуақасованың шаңырағына биыл 32 жыл толды. Өмірін журналистика мен білім саласына арнаған бұл жұп – бүгінде өнегелі әулеттің негізін қалаған жандар. Екі ұл, бір қыз өсірген.
Мұрат Жетпісбаев – елге белгілі журналист, өз ісіне адал, сөзі салмақты қаламгер, республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі. Ал жұбайы Гаухар Сәдуақасова – "Болашақ" университетінің аға оқытушысы, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген тәжірибелі ұстаз.
Балалары түрлі салада еңбек етіп, елге қызмет етуде. Ұлдарының бірі Ерхан – әке жолын жалғап, облыстық "Кызылординские вести" газетінің жауапты хатшысы ретінде еңбек етіп жүр. 
Келіні Аймереке – биология пәнінің мұғалімі. 
Қызы Хорлан анасының ізімен білім саласына ден қойған. Алматыдағы Оқушылар сарайында қолөнерден сабақ береді. Кіші ұл Нұрхан Қорқыт ата атындағы университет студенті. Симфониялық оркестр мүшесі.
Отбасы күніне орай  Жетпісбаевтар әулетіне қала әкімінің Алғыс хаты мен сыйлығы табысталды. Бұл – бірлігі жарасқан, тәрбиелі ұрпақ өсіріп отырған әулетке көрсетілген зор құрмет.
Берекелі отбасы – мызғымас мемлекеттің тірегі.






15 мамыр 2025 ж. 264 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?