«Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы
Мемлекет алдында қойылған негізгі міндеттердің бірі - халыққа бірдей қол жетімді, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып, әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрстеу тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) әріптестік ұйымдар арқылы;
4) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
5) стационарлық абоненттік құрылғы арқылы;
6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы;
7) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Қызылорда қаласының «Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тарапынан жеке және заңды тұлғаларға 5 (бес) мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ,
- жер учаскелерін нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет менішігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
- жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
- кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
Осы ретте, Мемлекеттік қызметті электронды нысанда алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicence.kz) тіркелу қажет.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Қарауылтөбе ауылдық клубы ғимаратында орналасуына байланысты Клуб ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендтермен жабдықталған. Ақпараттық стендтерде: мемлекеттік қызмет көрсету түрі, мерзімі, қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде ұсынылатын құжат және т.б. ақпарат орналастырылған.
Сонымен қатар, ғимаратының 1-қабатында халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» қарастырылып, «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» талапқа сай қажетті техникалық құралдармен (компьютер интернет желісіне қосылған, принтер, сканер, видеокамера, картридер) қамтамасыз етілген.
Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылы, А. Құнанбаев көшесі №27., 8 (7242) 21-33-21.