Мемлекеттік қызмет-халықпен тікелей байланыс көпірі
Мемлекеттік қызметтер – бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың сұранысы бойынша мемлекет атынан жүзеге асырылатын қызмет түрлері. Олар тұрғындардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл қызметтердің мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда ел алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – мемлекеттік қызметтерге бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету және олардың сапасын арттыру. Бұл талап заңнамалық деңгейде белгіленіп, мемлекеттік органдардың қызметінде негізгі басымдықтардың біріне айналды.
Ауылдық аймақтарда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту – жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және инфрақұрылымдық даму үрдістерін күшейтуге тікелей әсер ететін маңызды фактор. Осы бағытта Қызылорда қаласының «Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызмет түрлерін жүзеге асырып келеді.
Атап айтқанда, округ әкімінің аппараты келесі бес бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді:
• Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
• Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондады) өткізуді таолап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
• Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
• Кент ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру;
• Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта ұсыну – цифрландыру үдерісінің негізгі бөлігі. Бұл тәсіл азаматтардың уақыты мен ресурсын үнемдеп, мемлекеттік мекемелермен өзара қарым-қатынасын жеңілдетеді. Электрондық жүйелер арқылы көрсетілетін қызметтер ашықтықты қамтамасыз етіп, бюрократиялық кедергілерді азайтады.
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында Талсуат ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында ақпараттық стендттермен жабдықталған. Онда көрсетілетін қызмет түрлері, олардың орындалу мерзімі мен реті жөнінде нақты мәліметтер берілген. Бұдан бөлек, тұрғындарға арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» қажетті техникалық құрылғылармен жабдықталған.
Округ әкімінің аппараты үшін басты міндеттердің бірі – халықтың сұраныстарына жедел жауап беру, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз қызмет көрсету үшін жағдай жасау болып табылады.
2025 жылдың I тоқсаны бойынша мекеме тарапынан жеке және заңды тұлғаларға үш мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық көрсетілген қызметтер – сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бағытында іске асырылды.
Қызылорда қаласы әкімдігінің «Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ж. Кәдірова
