Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – өмір сапасы

Еліміздегі мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениеті “Ең алдымен адамдар” қағидатына негізделеді. Мұндағы басымдықтардың бірі мемлекеттік қызметті барынша үйлесімді үлгісіне көшіру. Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру мемлекеттік аппараттың алдындағы басты мақсаттарының бірі болып саналады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсетудегі басты мақсаттарының бірі – Ақсуат ауылдық округінің халқына, аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге, мүгедектерге және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

         Әкімшілік ғимаратында қажетті техникалық   құралдарымен қамтамасыз етілген «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 13 желтоқсан 2023 жылғы №899 бұйрығымен бекітілген 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес әкімшілік ғимаратында халыққа құқықтық көмек көрсету, Қазақстан Республикасының занамаларын өз бетінше зерделеуге мүмкіндік беру және құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ашылған «Құқықтық кабинет» жұмыс жасайды. 

         «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан заңды және жеке тұлғаларға бес мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Олар: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» қызметтері.

17 сәуір 2025 ж. 42 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?