Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қызылорда қаласының жылу энергиясын тұтынушылардың назарына!

Қызылорда қаласы әкімінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі №12 қаулысына сәйкес «2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымын аяқтау және қаланың жылу желілерін жоғары қысыммен сынақтан өткізу туралы», «Қызылордажылуэлектрорталығы» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны келесі ақпаратты хабарлайды:
2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы Қызылорда қаласында 2025 жылғы 7 сәуірде сағат 00:00-де аяқталды.
2025 жылғы 7 сәуір мен 7 мамыр аралығында қаладағы жылу желілерінде гидравликалық тығыздық сынақтары жүргізіледі:
• Магистральдық жылу құбырлары – қысымы 16 кгс/см² дейін.
• Ауданаралық жылу құбырлары – қысымы 12 кгс/см² дейін.
Сондай-ақ, қаланың солтүстік бөлігінде жылу тасымалдағыштың максималды температуралық сынақтары өткізіледі.
Қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында:
• Сынақ жүргізу кезінде жылу магистралдарының маңында бөгде адамдардың жүруіне қатаң тыйым салынады.
• Көппәтерлі тұрғын үйлердің басқару органдары (КСК) және басқа да жылу энергиясын тұтынушылар ішкі жылу жүйелерін сыртқы жылу магистральдарынан сенімді түрде ажыратуға міндетті.
Жылу құбырларындағы судың ағуы немесе зақымдануы анықталған жағдайда, шұғыл түрде келесі диспетчерлік қызметтерге хабарлау қажет:
• «Қызылордажылуэлектрорталығы» диспетчерлік қызметі: 25-01-04
• Ұялы телефон: 8-776-869-20-53
• Қалалық коммуналдық шаруашылықтың диспетчерлік қызметі: 109
2025 жылғы 10 сәуірге дейін «Қызылордажылуэлектрорталығы» жылу желілерінің филиалына ішкі жылу жүйелерін ажырату талаптарының орындалғаны туралы кепілдік хат ұсыну қажет.
Ішкі жылу жүйелерін сенімді түрде ажыратпаған жағдайда, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын туындаған салдарға жауапты болмайды.
Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК әкімшілігі
10 сәуір 2025 ж. 70 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?