Атом электр стансасы – заман талабы
2024 жылғы 18 қыркүйек күні облыстық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында «Атом электр стансасы – заман талабы» тақырыбында азаматтық қоғам өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында алдымен, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы маңызды мәселелер 9 бағытқа бөлініп қарастырылды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушыларға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің зерттеуші-профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы, Тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Яхияұлы, Қызылорда облысының «Волонтёрлер фронт-офисінің жетекшісі, қоғам белсендісі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы Жолдаудың мазмұны мен негізгі бағыттары туралы түсіндіріп, оны жүзеге асыруда жастардың, қоғам белсенділерінің маңызды ролі туралы айтты.
Шара барысында атом электр стансасының маңыздылығы, қауіпсіздігі туралы жан-жақты сөз болды.
Қатысушылар өздерінің пікірлерін ортаға салып, Жолдаудың ел дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғаны туралы айтты.
Сондай-ақ, бірқатар белсенділер үстіміздегі жылдың 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қолдау білдіретінін жеткізіп, белсенділік танытуға шақырды.