Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«ҚАЛА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНІҢ ЖОСПАРЫ

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжмаханов «Қала күні» мерекесін атап өту және ұйымдастыру барысы туралы айтып өтті.

«Биыл Қызылорда шаһарына – 206 жыл.  «Қала күні» мерекесін тойлау қыркүйек айының 17-ші жұлдызынан бастау алады. 12-ші қазанға дейін арнайы бекітілген жоспар бойынша түрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Тақырыптық сүйемелдеу, қала қонақтары мен тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында көшелер мерекеге сай безендіріліп, естелік суреттерге түсетін фотозоналар қойылады,» - деді бөлім басшысы Жағыпар Айтбайұлы.

«Қала күні» мерекесінің ашылу салтанаты ретінде 17-ші қыркүйек күні, сағат 19:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде шаһар тұрғындары мен қонақтарына қалалық «Жастар театрының» «Неге, жаным, шығарып сала алмадың?» атты лирикалық драмасы ұсынылады. Мерекелік шаралар легі поэтикалық дуэль, дәстүрлі кітап көрмесі, республикалық ақындар айтысы, жас суретшілер байқауы, вокалды аспапты ансамбльдердің дәстүрлі фестивалі, тазалық акциялары, облыстық фотографтар байқауы, түрлі спорттық және интеллектуалдық сайыстар, отбасылық квиздер, зағип және нашар көретін азаматтар арасындағы республикалық өнер байқауы, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, ат бәйгесі, театрландырылған қойылыммен жалғасып, гала-концертпен қорытындыланады.

Мерекелік іс-шаралардың өтетін уақыты мен орны қала әкімдігіне қарасты ресми парақшаларда жарияланып тұрады.
13 қыркүйек 2024 ж. 30 0

Күнтізбе

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?