Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ


        

Бүгін қалалық әкімдіктің мәжіліс залында қала әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Мұрат Тасқараевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жиналыс өткізілді.

         

Кездесу барысында сөз алған аппарат басшысы Мұрат Тасқараев бөлім тарапынан тұрғын үйге мұқтаж, кезектілікте тұрған басқа тұлғалардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқықтары шектелмеу қажет екендігін түсіндірді.

        

Сонымен қатар, бөлім мен әкімдік жұмыстарының тиісті деңгейде орындалуы, сондай-ақ, қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қалыптастырумен Әдеп кодексінің басты міндеттерінің сақталуы қажет екендігі айтылды.

         

Мемлекеттік қызметшілердің бойында дәл осы моральдық ұстанымдардың болмауы түбінде жағымсыз құбылыстарға, құқық бұзушылықтарға, жемқорлыққа алып келетіндігі ескертілді.

         

Жиын соңында аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл М. Тасқараевпен бөлім мен әкімдік қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау, Сыбайлас жемқорлық көріністерінің әрбір фактісіне мұқият талдау жасап, оларды жою бағытында шаралар қабылдауды, қызметкерлер арасында басшылардың өз бағыныштылары үшін жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

29 тамыз 2024 ж. 681 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?