Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

Жер қатынастары саласында - электронды мемлекеттік қызмет көрсету 


Қазіргі таңда заман талабына сай мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділікті арттыруға бағытталған игі бастамалар жүзеге асырылып келеді. 

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылдың 1 қазанындағы № 301 бұйрығы мен 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. 

Электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі құралы электронды үкімет порталы немесе электрондық лицензиялау (www.elicense.kz).

Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондықүкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызмет алуға электронды өтінім беру үшін ЭҮП бойынша сілтемеге кіру қажет. Бұдан әрі ЖСН арқылы пайдаланушының жеке кабинетіне кіру іске асырылады. Қызметтер бөлімін таңдау бөлігінде қажетті тармақ таңдалады. Бұдан әрі барлық әрекеттер нұсқауға сәйкес рет-ретімен орындалады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Өз кезегінде, Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан  2024 жылдың 6 айының  қорытындысы бойынша – барлығы 1845 жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде, қызмет көрсетушінің кеңсесі (құжаттама бөлімі) арқылы 267 тұлғаға; «Электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы – 1578 қызмет көрсетілді. 

Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі:мемлекеттік қызметті алумен байланысты ақпаратты алудың қолжетімдігінде; мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңайлатуда; мемлекеттік қызметті алумен байланысты уақытша шығындарды кемітуде; азаматтың өтініші бойынша жұмыстың әр кезеңінде оның хабардарлығында; мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті үй немесе жұмыс компьютерінен беру мүмкіндігінде; электрондық құжатайналым жүйесін енгізу салдарынан бюрократтық сымдарды жоюда; көрсетілетін қызметті берушімен жеке қатынасу кезінде пайда болатын жемқорлық тәуекелдерді азайтуда.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық белсенділікті танытып Жер қатынастары саласында мүмкін болатын «Электронды үкімет» (e.gov) веб-порталы немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz)  арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға шақырамыз. 


«Қызылорда қаласының 

ауыл шаруашылығы мен жер 

қатынастары бөлімі» КММ 

бас маманы                                                                            Ә. Қалмаханова

18 шілде 2024 ж. 248 0

Күнтізбе

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?