Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

«Қызылорда қаласның тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і  арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

      Қазақстан Республикасында, оның ішінде Қызылорда қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тиімді шаралар жүйесі іске асырылып келеді, ол еліміздің көптеген бағдарламалық құжаттарында негізге алынатын басымдықтар ретінде айқындалған. 

          Бүгінгі таңда қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімімен жеке тұлғаларға бес мемлекеттік қызмет түрі көрсетіліп келеді.

       2023 жылы жеке тұлғаларға 5009 қызмет, 2024 жылдың  алты айында  жеке   тұлғаларға барлығы – 2676 қызмет көрсетілді.

2023 жылдың тамыз айынан бастап тұрғын үй кезек реттілігіне түгендеу жұмыстары  жүргізілуде. Атап айтқанда, 2023 жылы түгендеу жұмыстары нәтижесінде 4628 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылды. 

Ақпарат ретінде:

Санаты

Кезектен шығарылу себебі

1

көпбалалы отбасылар тобы

-243 азаматтың меншігінде тұрғын үй болуына/шығарылуына байланысты

2

халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы

-766 азаматтың меншігінде тұрғын үй болуына/шығарылуына байланысты,

 -358 азаматтың басқа қалаға мекенжайы ауысуына байланысты; 

-182 азаматтың статусының жойылуына байланысты.

3

мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері

-3079 азаматтың меншігінде тұрғын үй болуына/шығарылуына байланысты


Ал 2024 жыл басынан бері түгендеу жұмыстары нәтижесінде 2201 азамат (мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын   адамдар тобынан) тұрғын үй кезегінен шығарылды. 

        Бөлім тарапынан әр аптаның дүйсенбі күні  халықты жеке сұрақтары бойынша қабылдау ұйымдастырылып, 12 ай қорытындысы бойынша  1180 азаматты қабылдау жүргізілді.


Қазіргі таңда қала әкімдігінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 5 дара  тізімдері бойынша 25201 отбасы кезекте тұр. Оның ішінде:



Санаты

Кезекте тұрғандар саны

1

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобында;

1404

2

Көпбалалы отбасылар 

5332

3

халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарында 

9575

4

мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері

8224

5

жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар

666


Сонымен қатар кезектілік тізімі қала әкімдігінің сайтында орналастырылып, 2023 жылдың 29 наурызында «Ел тілегі» газетіне, 2024 жылдың 28 наурызында «Ақмешіт Ақшамы» газетінің №13 басылымында   жарияланды. 

2023 жылдың наурыз, қыркүйек айларында ХҚКО-да "Басшылар байланыста" акциясы ұйымдастырылып, халыққа заңгерлік кеңес беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Автоматтандырылған жүйе азаматтардың меншігінде үй бар немесе жоқтығын, табысын, жұмыс орнын, санатын тексеріп, кемшіліктер болған жағдайда автоматты түрде шығарады. Автоматтандырылған жүйе  өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алып, сыртқы факторлардың   орын алуын тежейді.

            Қызылорда қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 19.12.2023 жылғы №71 бұйрығымен Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген арендалық тұрғынжайларды мақсатына сай пайдалануына түгендеу жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылды.

          Мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді жалдау шартының талаптарына сәйкес, есеп айырысуды жүргізу тәртібімен азаматтардың ай сайын төлеп отырған арендалық төлемдері бойынша түгендеу жүргізіп,   уақытылы төлемеген азаматтардан төлемақыны өндіру  мақсатында,    пәтер алған азаматтардың үйлерін аралып, ескерту хабарламалар таратылды. Жалпы  2422 пәтерден  бір жылда 168,1 млн теңге арендалық төлем түсу жоспарланған.

             Нәтижесінде 

              2023 жылдың 12 айында 201509 шотына  175 837,0  млн теңге  түсіп,   жоспар 104,5 пайызға орындалды. 

              2024 жылдың қаңтар-маусым  айлары аралығында арендалық төлемдері бойынша 201509 шотына   74 764 397  млн теңге  түсті.

          Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына» сәйкес Тұрғын үй комиссиясы   «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 74 бабының 2.2)  тармағында көрсетілген жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына пайдалануға берілетін тұрғынжайдың 20 пайызын және қалған пәтерлерді        осы баптың   2.4) тармақшасында көрсетілген,  Заңның 68-бабының 1-1) – 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына бөлуді шешті. Аталған санат бойынша кезектілік реті 2007 жылдан басталатындығы назарға алынды.

            Үстіміздегі жылы пайдалануға берілетін 873 пәтердің 20 пайызы, яғни 175 пәтері жетім балаларға, қалған  698 пәтері халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына бөлінеді деп жоспарлануда.

            2023 жылы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету «Kezekte.kz» ақпараттық жүйелер платформасындағы «Shanyraq» ақпараттық қызметінде жүзеге асырылып келеді. Кезекке қою қызметі қазіргі таңда толықтай автоматтандырылған және «Kezekte.kz» сайтына орналастырылған. Азаматтар кез келген уақытта тұрғын үй алу кезектілігін, кезекте тұрған басқа азаматтардың тізімін көруге мүмкіндік жасалынған. 

            Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге https://www.kezekte.kz/ веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы  өтінішті және   Қағидаларда  көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.

            Азаматтар  үй кезегіне тұру үшін  «Kezekte.kz» порталы арқылы   электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қалыптастырады.

            Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алу және кезекке қою, автоматты түгендеу және бөлу процесін автоматтандыру жөніндегі ақпараттық сервисі«Shanyraq» Тұрғын үй кезегі» ақпараттық қызметі арқылы қолжетімді.

«Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі бірқатар мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесімен (базасымен) интеграцияланады. 

Қазіргі таңда «Kezekte.kz» «Shanyraq» Тұрғын үй кезегі» порталы арқылы  үй алу кезегіне тіркелу үшін өтініш беруге толық мүмкіндік бар.


            Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтерін, меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерді отбасының барлық мүшелеріне көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

            Жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп,  қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Бөлімнің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны нормаларына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолдайды.

       Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге есепке қою туралы анықтаманы берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарлама түрінде шешім;

      2) не бас тарту туралы дәлелді жауап, ол көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы                     2 шілдедегі №673 қаулысымен бекітілген қағидаларының 2 тармағында   мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі айқындалған.

         Қазіргі таңда  Gosreestr.kz мемлекеттік меншік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркеу порталы) Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы шығарған электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, жекешелендіру үшін www.gosreestr.kz сайтына тіркеліп, жекешелендіру процесі толықтай автоматтандырылды.

 Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт элеқтрондық  нұсқада  жасалады.

18 шілде 2024 ж. 278 0

Күнтізбе

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?