Қарауылтөбе: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қызылорда қаласының «Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жеке және заңды тұлғаларға 5 (бес) мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Атап айтсақ,
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін
мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
- Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
Мемлекеттік қызметті электронды нысанда алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicence.kz) тіркелу қажет.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Қарауылтөбе ауылдық клубы ғимаратында орналасуына байланысты Клуб ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендтермен жабдықталған. Ақпараттық стендтерде: мемлекеттік қызмет көрсету түрі, мерзімі, қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде ұсынылатын құжат және т.б. ақпарат орналастырылған.
Сонымен қатар, Қарауылтөбе ауылдық Клуб ғимаратының 1-қабатында халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» қарастырылып, «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» талапқа сай қажетті техникалық құралдармен (компьютер интернет желісіне қосылған, принтер, сканер, видеокамера, картридер) қамтамасыз етілген.
«Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің жетекші маманы Г. Бисенбаева