Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қосшыңырау: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық  игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
     — көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
      — мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
— мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
— мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
— мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
— мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1)көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2)Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
Бүгінгі таңда Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
1.  Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру 
2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу
3.  Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
4.  Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру
5.  Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін бар болғаны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелуді қажет етеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарты, қағидалары туралы ақпараттар мемлекеттік қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында әкімдік ғимаратының кіреберіс қабырғаларына ілінген.
Әкімдік ғимаратының ауласында және ғимарат ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жол қозғалысында қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында пандус, көру қабілеті шектулі азаматтардың қозғалыс жолында арнайы жолдар, электрондық қоңырау (сигнал) қондырғылары орнатылған.
Сонымен қатар, ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында азаматтарға электронды нысанда мемлекеттік қызмет көрсету үшін «өзіне қызмет көрсету» арнайы бұрышы орналастырылған. «Өзіне қызмет көрсету» арнайы бұрышында тұрғындарға қажетті жағдайлар жасалынған, яғни, компьютер интернет желісіне қосылып, қажетті құрылғылармен (принтер, сканер, видеокамера, картридер) қамтамасыз етілген.
Округ әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.
19 мамыр 2024 ж. 362 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?