Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қызылөзек: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің басты мақсаттарының бірі- халыққа сапалы қызмет көрсету. «Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсетудегі басты мақсаттарының бірі - Қызылөзек ауылдық округінің халқына, аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге, мүгедектігі бар адамдарға және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
Осы мақсатта «Қызылорда қаласының Қызылөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан заңды және жеке тұлғаларға 5 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату».
Мемлекеттік қызметті электронды алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicense.kz) тіркелу қажет.
Тұтынушыларға ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар орнатылған.
Сондай-ақ Әкімшілік ғимаратта халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. 
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.
 
 
Қызылөзек ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы
Ұ.Жұмабекова
19 мамыр 2024 ж. 336 0

Күнтізбе

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?