Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТАСБӨГЕТ КЕНТІ: МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет ұстанған берік саясаттың арқасында қоғам дамуыны­ң барлық­ саласында түбегейлі өзгерістер болды­. Соның ішінде мемлекет­тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет­ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.

Қазіргі таңда заман талабына сай аталмыш жүйені жетілдіру мақсатында мемлекеттік кадр саясатын қалып­тастыру, халықтың мемле­кет­тік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыр­у бағы­тында­ игі бастамалар жүзеге асырылуда.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Сәйкесінше мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру – елді мекен тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз

Қызылорда қаласының «Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жыл басынан бері барлығы 120 қызмет көрсетілді. Мекемеде төмендегідей 6 мемлекеттік қызмет түрі жүзеге асырылады: 

1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

4. Елді мекендер шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру;

5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.

6. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау.


Осы көрсетілетін қызметтердің түрін алу үшін стандартқа сәйкес құжаттар қажет етіледі. Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған және онда көрсетілетін қызмет түрлері мен қызмет көрсету мерзімі туралы мәліметтер толық көрсетілген. Сондай-ақ, мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жабдықталып, онда «E.gov.kz» электрондық үкімет веб-порталына кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Мекемеде қызметтер көрсетуге жауапты маман бекітілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі біріңғай байланыс орталығы телефон нөмірі – «1414». 

Жоғарыда аталған қызметтерді алу үшін Тасбөгет кенті әкімінің аппаратына өтініш білдіруге болады. Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, З.Шүкіров көшесі №11. Сенім телефоны: 21-58-49.


18 сәуір 2024 ж. 279 0

Күнтізбе

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?