Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ТАЛСУАТ: МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер - жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асырады өмір    сапасы болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi - жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзу.  Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

         

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласының сапасын арттыру - ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізетіні анық. Қызылорда қаласының «Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   6 мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асырады. 

        

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Кент ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не   бөліп төлеу арқылы сату», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау».

       

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда қамтамасыз етуге міндетті, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ мемлекттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылының ең тиімді нысаны ретінде электрондық мемлекеттік қызметтерді дамытуға ықпал етеді.

       

Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында әкім аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стендттермен жабдықталған. Керекті ақпараттың барлығы қызмет көрсету мерзімі қызметтің түрлері туралы мәліметтер стендтерде орналастырылған және «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» талапқа сай қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. 

     

Округ әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау болып табылады.

     

2024 жылдың I тоқсаны бойынша «Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарапынан жеке және заңды тұлғаларға 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

     

Оның ішінде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

     

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ж.Кәдірова

16 сәуір 2024 ж. 172 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?