Ақсуат: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудің басты мақсаттарының бірі- халыққа сапалы қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсетудегі басты мақсаттарының бірі – Ақсуат ауылдық округінің халқына, аз қамтылған отбасыларға, жұмыссыз азаматтарға, ардагерлерге, мүгедектерге және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
«Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан заңды және жеке тұлғаларға
6 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».
Тұтынушыларға ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар орнатылған. Сондай-ақ Әкімшілік ғимаратта халықтың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы талапқа сай қажетті техникалық құралдарымен қамтамасыз етілген. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.
2024 жылдың І тоқсаны бойынша «Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарапынын жеке және заңды тұлғаларға 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу қызметі бойынша - 6,
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі бойынша – 12 қызмет көрсетілді.