Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ӘСКЕРИ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЕР АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРИ ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ!


Қарулы Күштерінің бірыңғай жүйесін құрайтын қазіргі заманғы, саны  жанынан жинақы, жақсы жабдықталған және жауынгерлік қабілеті жоғары Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және Кадет корпусы құрылды. Әскери оқу орындары әскерилердің кәсіби шеберлігін арттыру саясатын жалғастыруда. Сонымен бірге әскерлерді келісімшарт негізінде жасақтау, армияны қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтандыру одан әрі дамытылды.


Сонымен қатар, тағдырын армиямен байланыстыруға шешім қабылдаған азаматтар үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасалатын болады.


Бүгінгі күні отандық әскери білім беру жүйесін Қорғаныс министрлігінің қарамағында әскери оқу орындары құрайды.


  1. Алматы қаласында орналасқан Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты.
  2. Ақтөбе қаласында орналасқан Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты.
  3. Алматы қаласында орналасқан  Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты. 
  4. Ақмола облысы Щучинск қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі.

ҰБТ мынадай жалпы білім беру  пәндерінен жүргізіледі:

математика, физика - негізгі пән, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілдері;

кемінде 50 балл, оның ішінде математикадан сауаттылығы немесе математикадан кемінде 7 балл тестілеу нәтижесі бар үміткерлер келесі емтихан тапсыруға жіберіледі.


Әскери оқу орнын бітірген азамат лейтенант шенімен оқу бітірісімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жөнелтіп, әскери қызмет атқарады, яғни әскери мамандықты таңдаған азаматты жұмыссыз қалдырмайды. Керісінше мүмкіндігінше  үй-жаймен   қамтамассыз  етіп барлық жағдайды жасайды.


Сондықтан қаламыздағы болашақ ел қорғайтын ер азаматтарды жергілікті жердегі Қорғаныс істері  жөніндегі   басқармаға (военкаматқа)   жолығуларын  сұраймыз.

 

Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Шүкіров көшесі №101А

Байланыс телефондары: 24-50-22, №127 кабинет

Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма (военкомат)

12 сәуір 2024 ж. 262 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?