Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ҮЙ ЖАНЫНДАҒЫ ДҮКЕНДЕРДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ

Бүгінде қаламызда 14 үй жанындағы дүкендерден арнайы әлеуметтік бұрыштар ашылып, онда келісімшарт негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары орташа нарықтағы бағадан 10-15%-ға төмен бағада сатылуда. 

Осылайша тұрақтандыру қорының өнімдері тұрғындарға енді жақын маңдағы дүкендер арқылы төмен бағада қолжетімді болып отыр. Әлеуметтік бұрыш сөрелерінен картоп, жуа, қырыққабат, сәбіз, өсімдік майы мен рожки, қарақұмық жармасы мен жоғары сортты ұндарды белгіленген бағада сатып алуға болады. 

Бүгінде үй жанындағы дүкендерге күнделікті тұрақтандыру қорынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері сұраныстарға сәйкес жеткізілуде. Сатушылардың айтуынша тұрғындардың сұранысы күн санап артып, соған сәйкес күнде тауарларға өтінім беруде. 

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі
10 сәуір 2024 ж. 448 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?