«Қызылорда қаласның тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
«Қызылорда қаласның тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-і арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Қазіргі таңда қала әкімдігінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың 5 дара тізімдері бойынша 26215 отбасы кезекте тұр. Оның ішінде:
№ | Санаты | Кезекте тұрғандар саны |
11 | Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобында; | 1488 |
22 | Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар | 5157 |
33 | халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарында | 9825 |
44 | мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар | 9097 |
55 | жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар | 647 |
2023 жылғы қаңтар- желтоқсан аралығында бөлім-5062 мемлекеттік қызмет көрсетті:
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай – ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы – 5009;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру – 37;
- Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару – 9.
-Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасымен келісу- 4.
2023 жылы «Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар» санаты бойынша Қызылорда қаласы, Сол Жағалау тұрғын ауданынан -40 пәтер берілді.
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығымен бекітілген.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Қазіргі таңда «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсету «Kezekte.kz» ақпараттық жүйелер платформасындағы «Shanyraq» ақпараттық қызметіне ауыстырылды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге https://www.kezekte.kz/ веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтінішті және Қағидаларда көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.
Азаматтар үй кезегіне тұру үшін «Kezekte.kz» порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қалыптастырады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алу және кезекке қою, автоматты түгендеу және бөлу процесін автоматтандыру жөніндегі ақпараттық сервисі«Shanyraq» Тұрғын үй кезегі» ақпараттық қызметі арқылы қолжетімді.
«Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі бірқатар мемлекеттік органдардың ақпараттар жүйесімен (базасымен) интеграцияланады.
Қазіргі таңда «Kezekte.kz» «Shanyraq» Тұрғын үй кезегі» порталы арқылы үй алу кезегіне тіркелу үшін өтініш беруге толық мүмкіндік бар.
2023 жылдың тамыз айынан бастап тұрғын үй кезек реттілігіне түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, түгендеу жұмыстары нәтижесінде 2 681 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылды.
Ақпарат ретінде:
№ | Санаты | Кезектен шығарылу себебі |
1 | Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тобы | 243 азаматтың меншігінде тұрғын үй болуына/шығарылуына байланысты |
2 | халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы | 764 азаматтың меншігінде тұрғын үй болуына/шығарылуына байланысты, 358 азаматтың басқа қалаға мекенжайы ауысуына байланысты; 140 азаматтың статусының жойылуына байланысты. |
3 | мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар | 1176 азаматтың меншігінде тұрғын үй болуына/шығарылуына байланысты |
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтерін, меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерді отбасының барлық мүшелеріне көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп, қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Бөлімнің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға оларды сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны нормаларына сәйкес келтірмеген жағдайда, уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жолдайды.
Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге есепке қою туралы анықтаманы берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарлама түрінде шешім;
2) не бас тарту туралы дәлелді жауап, ол көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі №673 қаулысымен бекітілген қағидаларының 2 тармағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру тәртібі айқындалған.
Қазіргі таңда Gosreestr.kz мемлекеттік меншік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркеу порталы) Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы шығарған электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, жекешелендіру үшін www.gosreestr.kz сайтына тіркеліп, жекешелендіру процесі толықтай автоматтандырылды.
Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт элеқтрондық нұсқада жасалады.
«Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығының 3-тарау, 12-тармағына сәйкес «Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы елді мекендердің шекаралары шегінде газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау болып табылады.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 31 мамырда "«Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырынан қалада АГТС орнату және Қызылорда қаласының кіріс газ құбырын және жаңа комбинирленген циклді зауытқа кіретін газ құбырын орнату арқылы газ құбырының тармағының құрылысы", 2023 жылғы 1 маусымда "«Orda Glass LTD» ЖШС шыны зауытын резервтік газбен қамтамасыз ету үшін жеткізу газ құбырының құрылысы Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Өндірістік аймақ, н/қ.", 2023 жылы 7 маусымда "Қызылорда қаласындағы Оңтүстік қазандықтың BONO ENERGIA үш бу қазандығын қайта құру", 2023 жылы 25 қыркүйекте Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округіне қарасты Баймұрат батыр және Талдыарал елді-мекендерін газбен қамтамасыз ету құрылысына «Grand "Structure Engineering» ЖШС-не қауіпті өндірістік обьектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамаларына келісім берілді.
Қала аумағындағы қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару бойынша 2023 жылдың сәуір айында «Alexey Sultan Akhmet» ЖШС-нің Төле би көшесі 29Б мекен-жайында орналасқан 4 лифтіні, 2023 жылғы 13 маусымда К. Байсейтова көшесінде орналасқан «Халық банкі» ғимаратында орналасқан № 20231502лифтіні, 2023 жылы 11 қыркүйекте Яншина көшесі №2а мекен-жайында орналасқан «Амина» тұрғын үй кешенінде орналасқан лифтіні, 2023 жылы 6 қазандаС. Бейбарыс көшесі, № 2 мекенжайда орналасқан «Неке сарайы» және Н. Назарбаев даңғылы № 24 А мекенжайда орналасқан «Анаға тағзым» ғимараттарында орналасқан лифтілерді есепке алу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы 11 қыркүйекте Яншина көшесі №2а мекен-жайында орналасқан «Амина» тұрғын үй кешенінде орналасқан лифтіні есепке алу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы 25 қыркүйекте Ақжарма ауылдық округіне қарасты Баймұрат батыр және Талдыарал елді-мекендерін газбен қамтамасыз ету құрылысына «Grand "Structure Engineering» ЖШС-не қауіпті өндірістік обьектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамаларына келісім берілді.
2023 жылы 6 қазанда «Анаға тағзым» орталығында, «Неке сарайы» ғимаратында, 2023 жылы 20 желтоқсанда Қорқыт ата 11 мекенжайындағы «ADSplaza» cауда үйінде орналасқан лифтіні есепке алу жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі- ол ақпаратты алудың қолжетімділігі, өтінішті өзіне қолайлы жерден (компьютері бар кез келген орындардан) беру мүмкіндігі, артық құжаттар талап етілмеуі, бюрократтық сымдарды жою, қызмет беруші мен қызмет алушы арасында жемқорлық тәуекелдерін жою.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында азаматтық белсенділікті танытып, тұрғын үй саласында мүмкін болатын мемлекеттік қызметтерді портал арқылы электронды түрде алуға шақырамыз.