Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Сапалы өнім

Өнім сапасы мәселелері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның
 10 мың респонденттің қатысуымен өткізілген әлеуметтік сауалнамасының нәтижелері бойынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша келесі жағдай қалыптасты:
 - Сауалнамаға қатысқандардың 31% - ы жарамдылық мерзімі мен азық-түлікті сақтау нормаларын сақтамауға тап болған;

- 24% тауарлардың сапасына наразы;

- 19,2% заң бойынша талап етілетін азық-түлік туралы ақпараттың жоқтығына шағымданған.

Жүргізілген сауалнама негізінен тұрғындардың өнім сапасына, оның ішінде азық-түліктің жарамдылық мерзімі мен сақтау нормалары мәселері бойынша туындаған көрсеткен.
 Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігімен  осы жылдың көктемінде ахуалдық штаб құрылған болатын. 

Оның құрамына бейінді мемлекеттік органдар, адал бизнес субъектілері және тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері кірді. 

Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша импорттық өнімнің шамамен 68 түрі зерттелді. Оның ішінде 19 түрі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы нормативтердің бұзылуы анықталды. Атап айтқанда, өнімнің санитарлық – эпидемиологиялық талаптарға, мәлімделген сипаттамалар мен құрамға, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі сияқты бұзушылықтар. 

Нәтижесінде Министрлік тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 63 декларацияның күшін жойды, сәйкестікті бағалау туралы 200-ден астам құжаттардың күшін жойды.

Бұл ретте Қазақстандықтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Министрлік "Сапалы өнім"қоғамдық тұжырымдамасын іске қосуды ұсынды. Жобаның негізгі бағыты - нормативтердің бұзылуын, тұтынушылардың құқықтарын және жосықсыз бәсекелестікті бұзатын әрекеттерді анықтау. Ол үшін заңнамалық құралдар мен тетіктердің базалық жиынтығы бар.

Атап айтқанда, қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң қоғамдық бірлестіктерге мүмкіндік береді:

- тауардың тұтынушылық қасиеттерін зерттеуге;

- тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасауға;

- өнімнің сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін халыққа сауалнама жүргізуге;

- тауардың сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге; 

- тұтынушылардың мүддесі үшін сотқа талап қоюға;

- өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты таратуға.

Сонымен қатар, осы функцияны іске асыру кезінде қоғам бірлестіктер тауарды сату орындарына барған кезде жасалатын барлық әрекеттерді фото -, аудио -, бейнетіркеуді қолдануға құқылы.

Егер өңір тұрғындары сапасыз азық-түлік емес тауармен бетпе-бет келген жағдайда, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне, ал егер сапасыз азық-түлік тауарымен бетпе-бет келсе санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменте жүгіну қажеттігін хабарлайды. 

Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі туралы, яғни e-tutynushy.kz сайтында ұялы телефон немесе компьютер арқылы әр тұрғын өзінің бұзылған құқықтары туралы мәлімдей алады және кәсіпкерлерге Smart QR қосылуға болады.

04 наурыз 2024 ж. 295 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?