Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру жұмыстары жүргізілуде


“ҮЕҰ Дерекқоры” ұғымы ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнамаға қабылданған түзетулер шеңберінде 2015 жылдың соңында енгізілді. Осы себепті елімізде үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын өз қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына жібереді.

Биыл 1 қаңтардан бастап 2023 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі басталды.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін қабылданады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.


Айта кетейік Дерекқорға мәліметтерді ұсынбау, уақытылы ұсынбау немесе жалған мәліметтерді ұсыну үшін ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.


29 ақпан 2024 ж. 793 0

Күнтізбе

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?