Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Қазіргі таңда, «Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» департаменті және мекеме арқылы жеке және заңды тұлғаларға төменде көрсетілген кестеге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуде
2023 жылдың қорытындысы бойынша – 32 843 мемлекеттік қызметтер тіркелді, оның ішінде: Азаматтарға арналған үкімет» МК КАҚ Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» департаменті және «Электронды үкімет» веб–порталы арқылы:
- эскизді (эскиздік жобаны) келісу – 1785;
- «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» - 1956;
- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» - 27836;
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 427;
- «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» - 839;
- «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» - 0;.
- «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» - 0 қағидалары бойынша қызмет көрсетілді.