Қала әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты түсіндіру,оқыту семинары өткізілді
Ағымдағы жылдың 30 қараша күні қала әкімі аппаратының басшысы,әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Абатовтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты түсіндіру,оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидатын, мәдениетін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің және әрбір азаматтың, әр қызметкердің өзінен бастау алатын маңызды мәселе екенің, ол үшін мемлекеттік қызметкерлер – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақталуын, басшылық құрамы тарапынан берілген заңды тапсырмаларын сапалы орындаумен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, жариялығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік саяси қызметшінің қарамағындағы мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылық, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық орын алған жағдайда қызметі тоқтайтының мәлімдеп, мемлекеттік қызмет беруші мен қызмет алушының арасында сыбайлас жемқорлық сипаты орын алса, бірінші сол мекеме басшысының тәртіптік жауапкершілігі қаралатындығын жеткізді.